«Шикі сүтті дайындау және сақтау технологиясы мен санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтаудың маңыздылығы» бағдарламасы аясында семинар өтт

2025 жылғы 26 қыркүйекте Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Аксукент ауылдық округі, Ақсу ауылында «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының» семинары өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар:
• Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
• Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (ҰАҒБО)
• «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты«

Семинар барысында сөз сөйлегендер:
• Айқан Алмагүл Құдайбергенқызы — «AYKAN» ЖШС директоры
• Умиралиева Лаззат Бекеновна — т.ғ.к., КазНИИППП Алматы филиалының директорының м.а.
• Сүлейменова Жұлдыз Маукеновна — б.ғ.к., ҚазҰАУ қауымдастырылған профессоры
• Макеева Раушан Қыдырханқызы — инженер-технолог, санитария саласының маманы
• Бисенова Алимa — Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры

Семинардың мақсаты — ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерінің санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, шикі сүтті дайындау және сақтау технологиясы бойынша білімін арттыру, сондай-ақ қолданыстағы нормалар мен стандарттармен таныстыру.

Семинар бағдарламасы:
• Санитарлық-гигиеналық нормалар бойынша дәріс (Сүлейменова Ж.М.)
• Практикалық сабақ: сүт үлгілерін алу, органолептикалық бағалау, алғашқы өңдеу
• Қатысушылардың сұрақтарына жауап беру
• Қорытындылау және сертификаттар табыстауТалқыланған тақырыптар:
• Қазақстандағы сүт саласының қазіргі жағдайы мен мәселелері
• ЕАЭО-ның шикі сүтке қойылатын санитарлық талаптары
• Микробиологиялық көрсеткіштерге әсер ететін факторлар: мал ұстау жағдайы, қызметкерлердің гигиенасы, жабдықтар мен ғимараттардың санитариясы
• Технологиялық тізбек: сауу, сүзу, салқындату, сақтау және тасымалдау
Қатысушылар мен нәтижелер:
Семинарға 30-дан астам шаруа қожалықтарының, жеке кәсіпкерлер мен кооперативтердің өкілдері қатысты. Қатысушыларға семинардан өткені туралы сертификаттар табысталды. Іс-шара тақырыптың өзектілігін дәлелдеп, сүт өнімдерінің сапасын арттыру мен өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету үшін санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығын көрсетті.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top