Ассы жайлауына жыл сайынғы «Agro-Business Forum Assy-2023» форумы өтті

Шіл 1, 2023

Алматы облысы , Еңбекшіқазақ ауданында  Ауылшаруашылығына арналған бизнес форум өтті. Ауқымды шараны көруге халық Ассы жайлауына жиналды.

Жыл сайынғы «Agro-Business Forum Assy-2023» дәстүрлі форумы қарсаңында бәйге, көкпар,  қазақша күрес сынды жарыстар да ұйымдастырылды.

Шара барысында өңіріміздің шаруалары, кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы өнімдерінен көрме қойды. Мұнда түйенің кептірілген сүтінен бастап, малдың жем-шөбі, минералды, органикалық тыңайтқыштарға дейін бар.

Көрмені тамашалаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев көпшілік алдында сөз алып, өңірде ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолға алынған шаралар жайлы айтты.