Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты инновациялық әзірлемелерін Құрылтай депутаттарына таныстырды

2026 жылғы 23 қарашада Құрылтайдың аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар жөніндегі комитетінің депутаттарына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-инновациялық әзірлемелер таныстырылды.

Аталған іс-шараға Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты қатысып, өзінің инновациялық әзірлемелерін ұсынды.

Институттың Басқарма төрағасы Ж.З. Уразбаев депутаттарға ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін, ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеудің заманауи технологияларын және инновациялық тағам өнімдерін таныстырды. Сонымен қатар ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу және коммерцияландыру мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Іс-шара желтоқсан айына жоспарланған «Агроөнеркәсіптік кешен ғылымын коммерцияландыру және технологиялар трансфері мәселелері» тақырыбындағы комитет отырысына дайындық аясында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Агротехнопаркі базасында ұйымдастырылды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх