Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан ғылым жөніндегі сарапшылық кеңес құрылды.
Кеңестің негізгі мақсаты – отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, ғылыми қоғамдастықтың ұсыныстарын жинақтау және ғылым саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған бастамаларды әзірлеу.
Кеңес жұмысына қатысуға ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен ғылыми-зерттеу қызметінде практикалық тәжірибесі бар мамандар шақырылады.
Ұсыныстардың негізгі бағыттары:
▪️ Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
▪️ Ғылыми конкурстар мен сараптаманы ұйымдастыру;
▪️ Ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту;
▪️ Ғылыми кадрларды даярлау және қолдау;
▪️ Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және өндіріске енгізу.
Ұсыныстарды қалай жолдауға болады?
Құрылтайдың ресми сайтындағы «Қызмет» → «Сарапшылық кеңестер» бөліміне өтіп, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдау қажет.
Ұсыныстарда нақты мәселе, оның негіздемесі және ықтимал шешу жолдары көрсетілуі тиіс.
Ғылымның болашағын қалыптастыруға өз үлесіңізді қосыңыз!
https://quryltai.kz/kk/activity/expert-councils/apply

