2022 жылғы 9 маусымда ҚазҰАЗУ-де АҚИҰ(Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы)азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық форумы аясында көрме өтті.
Көрме барысында ҚазҚӨТӨҒЗИ өз әзірлемелерінің желісін ұсынды: түрлі дақылдар ұнының құрамының нан-тоқаш өнімдері, оның ішінде глютенсіз өнім, дәнді дақылдар мен зығырды терең өңдеу өнімдері, май өнімдері, қой, ешкі сүтінен жасалған сүт өнімдері, ет паштеттері , пектинмен байытылған жеміс-көкөніс шырындары, құнды балық түрлері мен өнімсіз жануарларға арналған құрама жем және т.б.
АҚИҰ(Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы) халықаралық форумының қатысушылары ҚазҚӨТӨҒЗИ қызметімен танысып кетті. Қой, ешкі сүтінен ашымал сүт өнімдері, тритикале ұнынан пісірілген нан өнімдері, глютенсіз өнімдер, май өнімдері, биоэкологиялық қасиеттері бар жеміс-көкөніс шырындары және ет-көкөніс паштеттері ерекше қызығушылық тудырды.