Филиалы

 ҚАЗАҚ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ТАҒАМ ӨНЕРКӘСІПТЕРІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ АСТАНАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ

Институттын тарихы

«Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Астана филиалы  (Институт) Институттың Бақылау кеңесінің 21.01.2019 ж. Шешімімен құрылды. Филиалдың қызметі 29.12.2018 ж. бастап «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Директорлар кеңесімен қайта ұйымдастырылған «Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ҒЗИ» ЖШС базасында жұмыс істейді.

«Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ҒЗИ» ЖШС 1959 жылы Ақмола қаласында Бүкілодақтық астық және оны қайта өңдеу өнімдерінің ҒЗИ-ның Қазақ филиалы ретінде құрылған.

1986 жылы институт «Астық-өнімі» Бүкілодақтық ғылыми-өндірістік бірлестігінің Орталық конструкторлық-технологиялық бюросының Целиноград филиалы болып қайта құрылды.

1992 жылы «Астық-өнімі» ЖҒПО СКБ Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының құрамына берілді және Қазақ астық және оны қайта өңдеу өнімдері ҒЗИ конструкторлық-технологиялық бюросы болып өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы №1309 қаулысына сәйкес ҚазҒЗИ «А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы»РМК еншілес кәсіпорны болып қайта құрылды.

2007 жылғы 20 тамызда «ҚазАгроИнновация» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Институт «Тамақ өнеркәсібі және биоотын ҒПО»ЖШС болып қайта құрылды.

2008 жылы 21 сәуірде «Тамақ өнеркәсібі және биоотын ҒПО» ЖШС «Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ҒЗИ»ЖШС-не қайта тіркелді.

2008 жылдан 2010 жылға дейін институт құрамына екі филиал кірді – Алматы және Семей. 

2019 жылдан бастап» Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ҒЗИ » ЖШС «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ҒЗИ» ЖШС Астана филиалы болып қайта құрылды.

1992-1996 жылдар аралығында институт Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының жүйесінде; 1996 жылдан 2002 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы (ҰАО) жүйесінде болды.

2007 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАгроИнновация» АҚ жүйесіндегі Институт.

2016 жылдан бастап ҚР АШМ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ құрамына кіреді.

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТ

 «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Астана филиалы астық және майлы шикізатты сақтау және өңдеу мәселелерін ғылыми-технологиялық қамтамасыз етумен, инновациялық технологияларды әзірлеумен және ғылымды қажетсінетін өнімдерді құрумен айналысады.

ЖШС ҚҚӨЖТӨҒЗИ АФ құрамына келесі негізгі бөлімшелер кіреді:

  • Микробиология және биотехнология зертханасы

  • Өсімдік шаруашылығы өнімдерін терең қкйта өңдеу зертханасы 

  • Өсімдік шикізатын бастапқы өңдеу зертханасы

  • Майлы шикізатты өңдеу зертханасы​

Зертханалар заманауи жабдықтармен және материалдармен жабдықталған. Ғылыми кадрлар-астық және майлы шикізатты сақтау және қайта өңдеу саласындағы білікті мамандар.

  • 010000, Астана қ., Ақжол к-сі., 26

  • Телефон: 8 (7172) 546099

  • Факс 8 (7172) 546097

  • е-mail: niizpp@mail.ru 

 

 «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ» ЖШС Семейлік филиалы

Институттың тарихы

 «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ» ЖШС Семейлік филиалы 1958 жылы Семей қаласында ет өнеркәсібінің Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының базасында құрылды, ол 1992 жылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігінің ет және сүт өнеркәсібінің ғылыми-зерттеу және конструкторлық институты болып қайта құрылды.

1992-1996 жылдар аралығында институт Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары Академиясының жүйесінде орналасты; 1996 жылдан бастап 2002 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Ұлттық академиялық орталығының Аграрлық зерттеулері (ҰАОАЗ) жүйесінде болды.

2003 жылдан бастап «КазНИКИМПП» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің «НИКИММП» РМК «Қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-өндірістік орталығы» Семей филиалына («ҚӨжТӨҒӨО» РМК) ауыстырылды.

2007 жылдан бастап «ҚӨжТӨҒӨО» РМК «ҚазАгроИнновация» Акционерлік қоғамына («КАИ» АҚ) қосылу арқылы қайта құрылды.

2010 жылдан бастап, «КАИ» АҚ-ның Бұйрығымен «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылды.

2016 жылдан бастап «ҰАҒБбО» КеАҚ құрамына кірді.

Ғылыми әлеует

КФ «ҚҚӨжТӨҒЗИ» ЖШС Қазақстанның барлық аймақтарында мал шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және өндіру, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру саласындағы жүйелі ғылыми зерттеулер жүргізеді, мемлекеттік, қоғамдық құрылымдармен және жекеменшік кампаниялармен жедел байланыс орнатып, іске асыру жұмыстарын ұйымдастырады.

КФ «ҚҚӨжТӨҒЗИ» ЖШС-нің құрамына келесі негізгі бөлімшелер кіреді:

– ет және ет өнімдерінің технологиясы зертханасы;

– сүт және сүт өнімдерінің технологиясы зертханасы.

Бөлімшенің ғылыми кадрлары –  жұмысты орындау барысында қойылған міндеттерді шешуге қабілетті, ет және сүт өнеркәсібі саласындағы білікті мамандар.

Ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарды жүргізу үшін филиал зертханалық құрал-жабдықпен, материалдармен, реактивтермен, ғылыми-техникалық ақпаратпен, сондай-ақ қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті өндірістік базасы бар. Зертханалар зерттеулер жүргізу үшін қажетті жабдықтармен және материалдармен жабдықталған.

  • 071410, Семей қ., Байтұрсынов к-сі, 29

  • Телефон: 8 (7222) 34-26-15

  • Факс 8 (7222) 34-49-01

  • е-mail: nikimmp@mail.ru