«Қысқа мерзімде жетілетін жартылай қатты ірімшік өндірісі технологиясы» жобасы туралы ақпарат

«Қысқа мерзімде жетілетін жартылай қатты ірімшік өндірісі технологиясы» жобасы туралы ақпарат

2025 жылы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ пен «Қазақ  қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС арасында 14.04.2025 ж. № 27 мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес «Қысқа мерзімде жетілетін жартылай қатты ірімшік өндірісі технологиясы» атты бизнес-жобасы жүзеге асырылуда.

Жартылай қатты ірімшік өндірісін енгізу жұмыстары «Саумалколь SUT» ЖШС сүт өңдеу кәсіпорнында (Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртауский ауданы, Саумалколь ауылы) жүргізілуде.

«Саумалколь SUT» ЖШС — Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының сүт өнімдері нарығында динамикалық дамып келе жатқан компания. 2022 жылы құрылып, қазіргі таңда сүт өнімдерін толық циклде өңдеу және жартылай қатты ірімшік өндіру бойынша жұмыс істейтін кәсіпорын болып табылады.

Қазіргі уақытта «Саумалколь SUT» ЖШС базасында жаңа өнім өндірісін енгізу үшін кәсіпорынды модернизациялау жүргізілуде, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, ірімшік шығаратын технологиялық жабдық орнатылуда. Жаңа цех іске қосылған жағдайда жылына 450 тонна ірімшік өнімін шығару мүмкіндігі бар.

Семей филиалының қызметкерлері жаңа өнімді апробациялау және енгізу үшін кәсіпорында технологиялық аудит жүргізді. Қолданылып отырған технологиялар, өндірістік жабдықтар мен кәсіпорынның өндірістік-технологиялық базасы туралы бастапқы ақпарат жинақталды. Аудит нәтижесінде технологиялық процесті жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Ірімшік өндіруге арналған сүттің сапалық көрсеткіштеріне арналған технологиялық талаптар жасалды.
Технологиялық нұсқаулық жобасы әзірленді. Технологиялық нұсқаулықта ірімшік өндірісіндегі операциялардың реттілігі, өндіріс кезеңдері, негізгі операциялар, шикізатқа, жабдыққа және процестерге қойылатын талаптар, сапаны бақылау және орау, шикізатпен, жабдықпен және өндіріс процесінде қауіпсіздік шаралары, ірімшік сақтау және тасымалдау ережелері көрсетілген.

Өндіріс жаңа өнім технологиясын апробациялауға дайындалды, қажетті ресурстар анықталды. Ірімшік өндіруге және фасовкаға арналған технологиялық жабдықтар сатып алынды, өндіріс ағынын есепке ала отырып, жабдық орналастыру жұмыстары жүргізілуде, қажетті материалдар мен ресурстардың қамтамасыз етілуі есептелді.

Өнеркәсіптік үлгі бойынша сынақтар өткізілді: өндірістік жағдайда сынақ партиясы дайындалып, ТОО «Саумалколь SUT» кәсіпорнында өнімнің талаптарға сәйкестігі тексерілді. Өндіріс сынақ партиясының актісі және жартылай қатты ірімшік сынақ партиясын енгізу актісі рәсімделді.

Осы технологияны енгізу арқылы ірімшік ферментациясы, өзін-өзі қыстыру, тұздықтау және жетілу процестерінің циклін қысқарту мүмкіндігі туындап, өндіріс процесін жалпы қысқартуға, өнімді нарыққа жылдамырақ шығаруға және сақтау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Ірімшік шығару технологиясы кез келген сүт өңдеу кәсіпорнына бейімделген, қосымша жабдықты қажет етпейді, халықтың тұтынушылық сұранысына сай сапалы және табиғи өнімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.

Осылайша, жергілікті деңгейде жартылай қатты ірімшік өндірісі жобасы:

  • ірімшік нарығында бәсекелестік ортаны дамытуға, өнімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді;

  • жергілікті өндірушілерді қолдап, оларға импорттық аналогтармен сапасы бойынша бәсекелес өнімдер жасауға мүмкіндік беретін технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

  • сүт өндірісі мен қайта өңдеуді дамытуды ынталандырады, өйткені ірімшік жасауға арналған табиғи сүтке сұраныс артады.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top