Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ауыл шаруашылығы – мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, экономиканың орнықты дамуына серпін беретін маңызды саланың бірі. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен үздіксіз ізденістеріңіздің арқасында еліміздің аграрлық және қайта өңдеу салалары тұрақты дамып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп келеді.

Ел ырысын еселеп, ауылдың берекесін арттыру жолындағы қажырлы еңбектеріңізге алғыс білдіремін. Өндірісті жаңғырту, өнім сапасын арттыру, жаңа технологияларды енгізу бағытындағы еңбектеріңіз – отандық өнеркәсіптің дамуына қосылған зор үлес.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс пен толайым табыс тілеймін! Еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрқашан бағалана берсін.

Құрметпен,
Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібтері
ғылыми-зерттеу институтының
Басқарма Төрағасы және ұжымы
Ж.З. Оразбаев

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top