Шанхайда Қытайдың халықаралық импорт көрмесі өтті

Қытайдың іскерлік және инновациялық орталығы саналатын Шанхайда 8-ші Қытай халықаралық импорт ЭКСПО-сы (CIIE) қараша айының 5-інен 10-ына дейін өтті.

Ауқымды шараның ашылу салтанатында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян сөз сөйлеп, әлемдік экономиканың ашықтығы мен өзара ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Әлемдік рекорд және жаңа мүмкіндіктерге арналған алаңда халықаралық маңызды мәселелерге жол ашылған.

Қазақстан үшін бұл ЭКСПО – Қытаймен өзара сауда-экономикалық серіктестікті тереңдетудің маңызды алаңы. Шара барысында қазақстандық компаниялар өздерінің экспорттық әлеуетін таныстырып, азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдері, металлургия, жеңіл өнеркәсіп және логистика салаларында жаңа серіктестермен келісімдер жасады.

CIIE көрмесі Қазақстан үшін Қытай нарығына шығудың тиімді жолын ұсынып отыр. Екі ел арасындағы сауда айналымының тұрақты өсімі, көлік-логистикалық жобалардың дамуы және шекаралық ынтымақтастық — аймақтық экономиканың жаңа серпініне айналуда.

Қазақстандық делегация өкілдері атап өткендей, Қытайдың импортты кеңейту саясаты мен ашық нарықтық стратегиясы Орталық Азия елдері үшін экспорт көлемін ұлғайтуға нақты мүмкіндік береді.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top