Шәкәрім университетінің 60 жылдық мерейтойы атап өтілді

Мау 7, 2023

2023 жылдың 2 маусымында Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде Инженерлік-технологиялық факультетінің бұрынғы Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институтының 60 жылдық мерейтойы және Диссертациялық кеңестің 30 жылдығы сән-салтанатымен аталып өтті. Мерейтойға университет басшылығы, отандық және шетелдік ғалым-академиктер, қалалық және қоғамдық ұйым басшылары, білім беру ісінің үздіктері, оқу орнының ардагерлері, институтты ашуға үлес қосуға атсалысқан қазақ зиялыларының ұрпақтары, профессор-оқытушылар құрамы, белді зиялы қауым өкілдері, институт түлектері және әлеуметтік серіктестер қатысты.
Шара аясында профессор-оқытушылар құрамы мемлекет үшін білікті де білімді мамандар даярлауға қосқан үлесі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, облыс, қала әкімдерінің грамотасымен, университеттің дамуына зор үлес қосқаны үшін Шәкәрім медалімен, «Құрметті профессор» атағымен марапатталды. Мерекелік бас қосу инститтуттың дамуына сүбелі үлес қосқан профессорлардың есімі берілген атаулы дәрісханалардың ашылуымен жалғасын тапты.