Философия докторларына диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті

Мам 18, 2023

Алматы технологиялық университетінде философия ғылымдарының докторы (PhD) дәрежесіне үміткерлер дипломдарының салтанатты табыстау рәсімі өтті.

Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ҚазҒЗИ ғылыми қызметкері, жас ғалым-Қажымұрат Әсемай Талғатқызы 6D073500 – «Тамақ қауіпсіздігі » философия докторы (PhD) дәрежесіне үміткер дипломын алды.

Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты функционалдық модельдеуді және графикалық белгісін пайдалана отырып, ISO 9001:2015 (ҚР СТ ISO 9001-2016), HACCP (ҚР СТ 1179-2003) және FMEA (ҚР СТ МЭК 60812-2005) стандарттарының талаптарына жауап беретін тамақ коллагенін өндіру қауіпсіздігі мен сапасының интеграцияланған жүйесінің тұжырымдамалық моделін әзірлеу болды.

Шара барысында Проректор мен Диссертациялық Кеңестің төрағасы PhD докторларын құттықтап, университетіміздің түлектерінің әрқайсысы қазақстандық ғылымның дамуына және еліміздің дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Сіздерге сарқылмас зерттеушілік ізденіс, шабыт, шығармашылық табыс тілейміз.