«ҚазҚӨжТӨҒЗИ» ЖШС – да фитонапиткалардың технологиялары мен рецептураларын тәжірибелік-өнеркәсіптік сынау басталды

Сәу 28, 2023

2023 жылдың 21-25 сәуірінде ПЗ-100 шағын сыра қайнату зауытында бал мен зімбір негізіндегі Фито-сусындардың технологиясы мен формулаларына тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар басталды.

Жабдықты жуу, уытты ұсақтау және езу, бал мен зімбір қосып сыра қайнату процестері жүргізілді.

Алынған суслоны «ҚазҚӨжТӨҒЗИ» ЖШС комиссиясы бағалады. Бүгінгі күні бал мен зімбір негізінде дайын алкогольсіз сусын алу үшін ашыту процесі жүріп жатыр.

Жұмыс 2021-2023 жылдарға арналған ҚР АШМ ПЦФ шеңберінде орындалады.

Жобаның жауапты орындаушыларына сынақтарда сәттілік тілейміз!