Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сәу 12, 2022
   2022 жылдың 8 сәуірінде ҚазҚӨТӨҒЗИ мен ҚазЖКШҒЗИ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша семинар орын алды.
   Семинардың негізгі мақсаты ұйым қызметкерлерімен кездесулер өткізу, сыбайлас жемқорлық тұжырымдамасын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, ғылыми-зерттеу институттары қызметкерлері арасында құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату.
   Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия бойынша Ж.Ж.Құлпақбаев баяндама жасады, ұйым қызметкерлеріне қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнаманың қыр-сырын түсіндіріп кетті.
   Сонымен бірге,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың негізгі ережелерін және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын түсіндіріліп, мемлекеттік органдар, ұйымдар және мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілері қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша Әдістемелік ұсынымдарды түсіндіруге ерекше назар аударылды.
   Семинарды қорытындылай келе, мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ оның алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс істеуге үлес қосуы керектігі атап өтілді.